Twitch

SatomiChat Twitch чатынан нені көрсетеді, аккаунтқа не үшін кіру керек және модерацияның қандай командалары жұмыс істейді.

Twitch чаты аккаунтқа кірмей-ақ оқылады. Арнаны қосу жеткілікті.

Кірмей-ақ не көрінеді

  • хабарламалар, оның ішінде Bits жіберілген хабарламалар;
  • жазылымдар, қайта жазылымдар және сыйға берілген жазылымдар;
  • рейдтер;
  • арна ұпайларына берілетін марапаттар;
  • Bits мерекелері, көру сериялары, хабарландырулар;
  • чат режимінің өзгеруі;
  • таспаның үстіндегі тақтада сауалнамалар, болжамдар, хайп-пойыз және бекітілген хабарлама;
  • эфир статистикасында көрермендер саны.

Кіруді қажет ететіні

Фолловтар. Twitch фолловерлер тізімін авторизациясыз бұдан былай бермейді. Жаңа фолловтар таспада пайда болуы үшін арнаға оның иесінің немесе модераторының аккаунтын байланыстырыңыз. Толығырақ Платформа аккаунттарына кіру мақаласында.

Чатқа хабарлама. Кез келген байланыстырылған аккаунттың атынан жазуға болады. Хабарлама 500 таңбадан аспауы керек. Хабарламаға жауап Twitch-ке сол хабарламаға байланған нағыз жауап ретінде жіберіледі.

Модерация. Арна иесінің немесе модераторының аккаунты керек:

  • хабарламаны жою, бан, таймаут, баннан шығару;
  • хабарламаны бекіту және бекітуден алу;
  • чатты тазалау, чат режимдері, хабарландырулар, шаутаут, ескерту.

Тек арна иесіне қолжетімді: модераторлар мен VIP тағайындау, рейд және одан бас тарту, трансляция маркері.

Командалар

Енгізу өрісінде / батырмасын басыңыз немесе хабарламаны қиғаш сызықтан бастаңыз, Twitch командаларының тізімі шығады, мысалы /ban, /timeout, /slow, /clear. Артық командаларды тізімнен жасыруға болады: Внешний вид → Показывать поле ввода → Слэш-команды → Twitch.

Қандай оқиғаларды көрсету керек

Настройки → Внешний вид → Платформы → Twitch бөлімін ашып, қажетсіздерін өшіріңіз: фолловерлер, жазылымдар, рейдтер, Bits, ұпайларға берілетін марапаттар, хабарландырулар, сауалнамалар, болжамдар, хайп-пойыз және т.б. Сол жерде Скрывать ботов және Показывать аватары параметрлері бар.

Показывать Bits өшірулі болса, Bits бар хабарлама карточкасыз, чаттың кәдімгі жолы болып келеді.

Платформа оқиғаларын таңдау

Жиі қойылатын сұрақтар

Таспада фолловтар жоқ

Арнаға иесінің немесе модераторының аккаунтын байланыстырыңыз. Онсыз Twitch фолловтары келмейді.

«Twitch не принял сообщение»

Әдетте чатта сіздің хабарламаңызды өткізбейтін режим қосулы болады: тек жазылушыларға немесе фолловерлерге арналған режим, баяу режим, тек смайликтер, бірегей хабарламалар. Себебі енгізу өрісінің жанындағы сол тақтада, «Twitch не принял сообщение» сөздерінен кейін бірден жазылады.